Наурыз айынан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы өседі

Отқа да, суға түсіп жүрген мамандар үшін жағымды жаңалық.

Алматы, NEGE. Күн сайын тыныштықты диспетчердің дабылы бұзып, бір минутқа жетер-жетпес уақытта оқиға орнына аттанып кететін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы мардымсыз еді. Әсіресе, қыс мезгілінде де дамыл таппайтын мамандар соған қарамастан өз жұмысын сүйіп істейді. Енді олардың да мәртебесі биіктеп, жалақысы артатын болды.