Наурыз мейрамында теракт жасамақ болған тәжікстандықтар сотталды

Былтыр Наурыз мерекесінде халықты жаппай уламақ болған тәжікстандықтарға сот үкімі шықты, деп хабарлады Kazinform.

medicalbusinesschool.com

Алматы, NEGE. Тәжікстан Бас прокуратурасының Терроризм және экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Джуманазар Саидахмадзоданың айтуынша, кінәлілер 8 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аталған іс бойынша тағы 10 адам іздеуде.

— Сотталғандардың барлығы дерлік Тәжікстанның түрлі қаласы мен аудандарының тұрғындары. Олар Вахдат қаласында Наурыз мейрамын тойлау кезінде тамақты улап, террористік акт ұйымдастыруды жоспарлаған, - деді Джуманазар Саидахмадзода.

Айта кетейік, осы іс бойынша былтыр Тәжікстанда 20-дан астам адам ұсталған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, лаңкестік әрекет ұйымдастыруды жоспарлғандардың барлығы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған — авт.) мүшелері болып шықты.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған