Наурыз мерекесінде қайда баруға болады?

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, жүздеген мәдени іс-шара өтеді. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Әр өңірде ұлттық дәстүрлерді, музыканы, гастрономияны және заманауи технологияларды біріктірген ерекше бағдарламалар әзірленген. 

Алматы

«Алматы – Наурыз құшағында» гала-концерті (21 наурыз, 11:00, Астана алаңы) – «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, КешYou тобы және басқа да өнерпаздардың қатысуымен өтеді. Juldyzdy Almaty (21-22 наурыз, 18:00, Астана алаңы) – танымал әншілер қатысатын кешкі музыкалық фестиваль. Nauryz Fest фестивалі (21-25 наурыз, Абай алаңы) – VR-инсталляциялармен безендірілген интерактивті киіз үйлер, Абай Құнанбайұлына арналған көрме, қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және кешкі концерттер. «Түркі әлемінің мега жұлдыздары» концерті (22 наурыз, 20:00, Almaty Arena) – Sadraddin, Mustafa Sandal, Roza Zergerli, Burak Özçivit қатысады. 5000 адамнан құралған хор (22 наурыз, 9:30, Абай даңғылы) – Абай әндерін орындайды. «Наурыз тойы – мерекем» кітап жәрмеңкесі (21-25 наурыз, Арбат) – жазушылармен кездесу, поэзиялық кештер. Панфилов көшесіндегі креативті фестиваль (21-22 наурыз) – VR-экспириенстер, робот-даяшылар, арт-инсталляциялар. 

Астана

Көшпенділер өркениеті фестивалі (21-22 наурыз) – этнографиялық реконструкциялар, көрмелер және аспаздық шеберлік сабақтары. Ұлттық спорт жарыстары (21-23 наурыз) – қазақша күрес, асық ату, гір көтеру жарыстары. Орталық алаңдардағы мерекелік концерттер (21-22 наурыз) – отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. 

Түркістан

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» туристік маусымының ашылуы (19 наурыз) – мерекелік шеру, концерттер, тарихи қойылымдар. «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі (22 наурыз) – ұлттық ойындар, қолөнер шеберлік сабақтары, салт-дәстүрлер. Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған XXIII халықаралық бокс турнирі (30 наурыз – 4 сәуір) – үздік боксшылар қатысатын беделді жарыс. 

Шымкент 

«ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі (30 наурыз, Әл-Фараби алаңы) – палау, кәуап, самса, наурыз-көже әзірлеу байқауы, «Қазақстандағы ең үлкен самса» гастрорекорды. 

Алматы облысы

Орталық алаң – 25 киіз үй, салт-дәстүрлер, эстрада жұлдыздарының концерті. Қонаев көшесі – қолөнер жәрмеңкелері, аспаздық шеберлік сабақтары. Қалалық саябақ – асық ату, қазақша күрес, фотозоналар. Қыдыр ата мен 100 домбырашының театрландырылған шеруі (21 наурыз) – Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған ауқымды музыкалық қойылым.

Қазір оқып жатыр

Пластикалық ота жасатуға барған: Алматыда блогер Сәуле Ермаханова көз жұмды

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?