Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады

Наурыз мерекесіне орай қазақстандық әуе компаниялар ішкі рейстердің санын арттырып, 160 қосымша рейс орындайды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Air Astana және FlyArystan 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытында ұшады.

Алматы – Астана бағытынан бөлек, Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.

Ал SCAT әуекомпаниясы 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады.

Сонымен қатар 23–26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бір рейстен қосылады.

Комитет өкілдері жолаушыларға әуекомпаниялардың ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеуді ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған