Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен алғашқы онкүндікте республикалық барлық өңірінде күн жылынады, оңтүстік аймақта ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады Қазгидромет.
Алматы, NEGE. Жалпы биыл наурызда күн райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр.
- Бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты нормадан көп жауады. Әсіресе, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде нормадан асады, - деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктер наурыздың алғашқы онкүндігінде күн жылынып, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 20 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Алайда іле-шала күн күрт суытуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Екінші онкүндікте республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан -5 3 градусқа дейін, күндіз -2-13 градустан 2 10 градусқа дейін болмақ. Ал оңтүстік аймақтарда түнде -5 5 градустан 2 10 градусқа дейін, күндіз 3 8 градустан 10 20 градусқа дейін болады.
Үшінші онкүндікте Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы сақталады.