Тегін дәрі Ресейде сатылып кеткен

Қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін таратылған дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған. Еліміздегі науқастарға ақысыз үлестірілгенімен, негізі бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Людмила Бюрабекова: «Бізге «Ресейде қазақстандық мөрмен дәрі-дәрмек сатылып жатыр» деп науқастар хабарлап айтты. «СК-Фармация» сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Біз тексеріс жүргізуді бастадық. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғанын анықтасақ, істі сол мезетте Бас прокуратураға жолдаймыз. Дәрі-дәрмектер терінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға арналған» деді.

Бұл дәрінің атауы – «Пембролизумаб»-«Кейтруда» және «Тафинлар»-«Дабрафениб». Оның әрқайсының қорабы 1 млн теңге тұрады. Денсаулық сақтау министрлігі адам өміріне маңызды дәріні ресейліктерге кімнің заңсыз тасымалдағанын анықтап жатыр. Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмады. Өйткені, медикаменттер тек 11 стационарға жеткізілген. Мұндай жағдай елімізде алғаш емес. Жылдың басында қазақстандықтарға арналған инсулин Өзбекстан дәріханаларында сатылған. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізгендердің табылып, 28 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.  

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды