НАТО-ның құрамы тағы толығады

Финляндия мен Швецияның сыртқы істер министрлері НАТО-ға кіру туралы протоколға қол қойды. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Енді альянс құрамындағы 30 мемлекет аталған құжатты ратификациялаған соң екі ел НАТО-ның толыққанды мүшесі атанады. Естеріңізде болса, Хельсинки мен Стокгольм әскери одаққа мүше болу туралы өтінішті мамырдың ортасында жолдаған еді. Бастапқыда Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген болатын. Бірақ кейін тараптар ортақ келісімге келді.

Қазір оқып жатыр

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті