НАТО ядролық жаттығу өткізеді

Reuters

ақпарат агенттігінің жазуынша, НАТО дүйсенбі күні ядролық жаттығу өткізуді бастайды. Оны «Тұрақты талтүс» деп атапты.

Алматы, NEGE. Ядролық жаттығулар Бельгия аумағында, Солтүстік теңізде және Ұлыбритания жерінде өтпек. Жаттығу кезінде 60-қа дейін ұшақ әуеге көтеріледі. Мұның ішінде бомбалаушы ұшақтар да бар.   

Жоспар бойынша, базасы Еуропада орналасқан орталық жаттығу барысында шартты түрде ядролық бомбаларды қолданады. НАТО «бұл – оқу-жаттығуға пайдаланатын шартты бомбалар» деп сендіріп отыр. 

«Оқу-жаттығулар 30 қазанға дейін созылады. Бұл – қайталанып тұратын тәжірибе және мұның әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысы жоқ», – деп мәлімдеді НАТО.

Мәскеу жыл сайын «Найзағай» деп аталатын ядролық оқу-жаттығулар өткізеді. «Тұрақты талтүстің» уақыты «Найзағаймен» қатар келуі бекер емес сияқты. «Найзағай» қазанның аяғында өтетіні бұған дейін белгілі болған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті