НАТО Украинаның төрт өңірінің Ресей құрамына өтуін мойындамайды

Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында альянстың бас хатшысы мәлімдеді.

Алматы, NEGE.  Йенс Столтенберг НАТО мен оның одақтастары Запорожье және Херсон облыстарын, өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын Ресей аумағы деп санамайтынын кесіп айтты. Сондай-ақ Кремльдің соңғы шешіміне қарамастан, одақ Украинға көмек көрсете беретінін де жеткізді. Айта кеткен жөн, бүгін Владимир Путин аталған 4 аймақты Ресей құрамына қабылдау туралы келісімшарттарға қол қойды. Осыдан кейін Украина шұғыл түрде НАТО мүшелігіне өтінім береді. Әскери блокқа мүше болу үшін оған кіретін 30 елдің қолдауы қажет. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті