НАТО: «Ресеймен қақтығысуға дайынбыз»
Столтенберг Ресеймен жүргізілетін диалог «қатаң» болуы керек деп санайды. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресеймен арадағы қарым-қатынастың бірнеше түрін қарастырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды
inbusiness.kz.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Егер Ресей қақтығысуды қаласа, біз оған дайынбыз. Ал ынтымақтастық орнатып, серіктес болғысы келсе, оған да дайынбыз», – деді ол. El Mundo басылымы Альянс басшысы қару-жарақ жарысының қайта басталу қаупіне байланысты Мәскеумен арадағы қарым-қатынасты сақтау қажеттілігін атап өтті. Дегенмен Столтенберг Ресеймен жүргізілетін диалог «қатаң» болуы керек деп санайды. Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова НАТО санкциялар мен саяси арандатуды қолдана отырып, Ресейді саяси және экономикалық жағынан тежеу үшін елдің ішкі істеріне ашық түрде араласады деп мәлімдеген еді.