НАТО ғарышта соғысуға әзір
НАТО ғарышты ұрыс аймағы деп жариялады. Ғарышта шабуыл жасауға және ғарыштық шабуылдарға қарсы тұруға дайындалып жатыр. Бұл туралы немістің Der Tagesspiegel басылымы жазды.
Алматы. NEGE. АҚШ, Ресей, Қытай және Үндістан секілді елдер ғарыштан жасалған шабуылға тойтарыс беретін тұрақты әскери құрылымдарды әлдеқашан жасап қойған. Әңгіме құрлықаралық зымыранды ұстау туралы болып отыр. Бұл басқа мақсаттарды да көздейді. Мысалы, Ресей мен АҚШ әскері ғарыш техникасын Сириядағы соғыста сынақтан өткізген. Осы арқылы әскери операциясын үйлестіріп, басқарып отырған.