НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуге дайын – Столтенберг

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра береді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадағы соғыс ұзаққа созылмақ,

 деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Столтенберг НАТО одақтастарының осылай істеуі үшін "саяси және моральдық міндеттемелері" бар екенін айтты.

"НАТО одақтастары  бұрынғыдай заманауи қару-жарақ жеткізуіміз керек, одақ қолдау көрсетуде маңызды рөл атқаруы қажет", – деді ол.

Ол Украинадағы соғыстың іс жүзінде 2014 жылы, яғни Ресей Қырымды "аннексиялап", Украинаның шығысындағы содырларды қолдаған кезде басталғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді. Украина президенті Владимир Зеленский жиынға онлайн режимде қатысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр