НАТО Украинаға 20 миллиард еуродан астам қаржы бөлді

2025 жылдың I тоқсанында НАТО елдері Украинаға әскери көмек ретінде шамамен 20 миллиард еуро бөлді. Бұл туралы 2 сәуірде альянстың бас хатшысы Марк Рютте мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сонымен қатар әскери одақ АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған жоспарын қолдайтынын білдірді.

«НАТО одақтастары Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Тек алғашқы үш айдың өзінде 2025 жылға арналған қауіпсіздік қолдауына шамамен 20 миллиард еуро бөлінді», - деді Марк Рютте.

Баспасөз конференциясында НАТО-ның бас хатшысы АҚШ пен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесін қозғады.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?