National Geographic: Бесінші мұхит табылды

Біздің ғаламшарымызда төрт емес, бес мұхит бар болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Танымал National Geographic телеарнасы осылай деп хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, бесінші мұхит деп Антарктиданы қоршап жатқан суды алуға болады.

«Өйткені оның өзіндік ерекшеліктері бар», – дейді мамандар.

Айта кетейік, «Оңтүстік мұхит» бары жайлы талас көп жылдан бері жалғасып келе жатыр. Бұған дейін зерттеушілер Антарктиданы қоршаған суық суды Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының жалғасы деп санап келген.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде