Наталья Богданова Қазақстанға үшінші жеңіс әкелді

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Наталья Богданова австралиялық Лекейша Перголитиді 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына кезекті жеңіс сыйлады.

ҰОҚ

АСТАНА, NEGE. Жекпе-жек тартысты және қарқынды өтті. Қарсыластар бір-біріне қарсы шабуылмен жауап қайтарып отырды. Алайда шешуші сәттерде Богданова дәлдік пен суыққандылық танытып, басым түсіп отырды.

Соңғы раундта бапкері Натальяға: «Қашықтықта жұмыс істе!» деп нақты нұсқау берді. Спортшы бұл тапсырманы толық орындап, қарсыласына жақын қашықтықтағы айқасты таңуға мүмкіндік бермеді.

Бұл — Богданованың турнирдегі үшінші жеңісі. Бұған дейін ол Нигерия мен Бразилия боксшыларын сенімді жеңіп, тұрақты дайындық пен дұрыс тактиканы көрсетіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды