Нариман Құрбанов Азия біріншілігінің жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов 14,800 ұпаймен ат снарядындағы жаттығулардан Азия біріншілігінің күміс жүлдесін ұтып алды, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Бірінші орынды иорданиялық гимнаст (15,255) иеленсе, қола жүлде Қытай өкіліне (14,600) бұйырды.

Еске салайық, Катар астанасы Дохада 12-19 маусым аралығында Азия біріншілігі өтуде. Қазақстан құрамасы сапында:

Милад Карими

Нариман Құрбанов

Ілияс Әзізов

Фарух Нәбиев

Дмитрий Патанин жаттығып жатыр.

Бапкерлер:

Горбачев С. В.

Кудратуллаев А.

Курбанов Х. Ш.

Ким А. Т.

Құрлықтық біріншілік осы күзде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы лицензиялық турнир.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды