Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

2024 жылғы Олимпиаданыңкүміс жүлдегері Нариман Құрбанов Чечхонда (Оңтүстік Корея) спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медаль иегері атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті. 

ҚР ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы ағаш атта жасаған жаттығулары бойынша үздік атанды.

Финалда Құрбанов 14.933 ұпай алды. Екінші орынды 14.633 ұпаймен Ван Хур (Оңтүстік Корея) иеленді. Үшінші орынды Данг Нгок Тхенге (Вьетнам) бұйырды: 14.233.

13.933 ұпай иеленген тағы бір жерлесіміз Ілияс Азизов бесінші орын алды.

Айта кетейік, қазір құрама активінде үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими спорттық жаттығуда күміс медаль иеленген, сондай-ақ ұлттық құрама көпсайыста қола медаль алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?