Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?