Карикатура: Наразылар мен "разылар"

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Әркім де бір жарыққа ұмтылған-ау,
Қалаулының бар ойы жұртын қанау.
Бірімізді-біріміз талаймыз кеп,
Киіміміз болса да жыртық-жамау.

«Атаң» дейміз ашумен төтелетіп,
Төпелетіп қойғандар көфелетіп,
Миығынан тұрады күліп қана,
Өңменімнен осы күй кетер өтіп.

Ойлансаң, текке емес наразылық,
Жүгірмесін жосықсыз қара шыбық.
Халық пенен билікке ойлан-ойлан,
«Разыларды» жаратқан таразы қып...

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды