Наполеон Бонапарттың қаруы аукционға түсті

Әйгілі императордың өзі қолданған қарулар аукционға түсіп, бірден сатылып кетті.

Алматы, NEGE. Француз императоры Наполеон I Бонапартқа тиесілі қылыш пен бес қару жиынтығын АҚШ-тағы аукционда аноним сатып алушы 2,87 миллион долларға сатып алды.

Бұл туралы Agence France-Presse баспасөз қызметі хабарлады.

Лотқа өрнектелген оюлары бар бес атыс қаруы, сондай-ақ Версаль Мемлекеттік қару-жарақ зауытының директоры Николас-Ноэль Буттың алтын жалатылған семсері кірді. Бастапқыда заттар 1,5-3,5 миллион долларға бағаланған.