Намибия президенті 82 жасында қайтыс болды

Намибияның үшінші президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында өмірден өтті. Қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ол ауруханада қайтыс болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Бүгін, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен сағат 12:04-те Намибия Республикасының президенті Хаге Гейнгобтың өзі ем қабылдап жатқан Lady Pohamba ауруханасында қайтыс болғанын қайғыра отырып, хабарлаймын", - делінген президент кеңсесінің хабарламасында.

Мәлімдемеде министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "Қажетті үкімет шараларын қабылдау үшін дереу жиналатыны" атап өтілді.

Қаңтар айының басында Намибия президенті өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Содан кейін ол 25 қаңтарда емделуге АҚШ-қа ұшып кеткен. Хаге Гейнгоб екі күн емделіп, 30 қаңтарда Намибияға қайта оралған.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді