Надежда Рябец ширек финалға шыға алмады

Әйелдер боксынан отандасымыз Надежда Рябец Токио Олимпиадасында канадалық Тамара Тибомен кездесті.

Алматы, NEGE. Алғашқы раунд канадалық боксшының есебіне шешілді. 5 төрешінің екеуі Надеждаға, үшеуі Тамараға болысты. 

Екінші раундта Надежда белсенділік танытып, соққыларын үдетсе де төрешілер канадалыққа басымдық берді. 

Шешуші раундта Надежда қарсыластың осал тұсын таба алмай, әбігерге түсті. Қарсыластың бойы әлдеқайда биік болғаны Надеждаға қиынға соқса керек әйтеуір ширек финалға шыға алмады.

 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты