Надежда Морозова үздік ондыққа енді

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубының финалында сегізінші болды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы 1 500 метр қашықтықты 1 минут 55,26 секундта еңсеріп, сегізінші орынға жайғасты.

Морозова көш бастап тұрған спортшыдан 2,60 секунд артта қалды.

Бірінші орында – жапондық Михо Такаги, екінші орында – нидерландтық Антуанетта де Йонг, үзіктер үштігін норвегиялық Рагне Виклунд жапты.

Айта кету керек, тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 58,563 секундта еңсеріп, 13-ші орынға шықты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды