Надежда Морозова Қазақстан рекордын жаңартты

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Надежда Морозова Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Алматы, NEGE. Әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты (А дивизионы) Морозова 3:59,647 уақытта бағындырды. Бұл жетістік оған бұған дейін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашеваға (4: 05.01) тиесілі болған Қазақстан рекордын жаңартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Морозова 12-ші орынға жайғасты. 500 метр қашықтықта В дивизионында өткен жарыста Қазақстан өкілі Екатерина Айдова сынға түсті. Қазақстандық атлет 38.078 нәтиже көрсетіп, бесінші орынды иеленді. Ерлер арасында 500 метр қашықтықта В дивизионында қазақстандық спортшылар арасында Иван Аржаников үздік нәтиже көрсетті. Ол 16-шы орыннан көрінді. Қорытынды хаттамада Роман Креч 31-ші, Евгений Кошкин 34-ші қатармен жарысты аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр