Мьянмадағы жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам қаза тапты

4 мыңға жуық адам жарақат алса, 270 адамнан әлі хабар жоқ.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Ал Бангкокта қаза тапқандар саны 18-ге жетті. Сондай-ақ 76 жұмысшы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде. Олар жер сілкінісі кезінде салынып жатқан ғимарат құрылысында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта Мьянмаға әлем елдері гуманитарлық көмектен бөлек, құтқарушылар тобын да жіберуде.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.