Музыкант Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Сыртқы істер министрлігі әнші, музыкант Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпан күні Пхукет-Алматы рейсімен жететінін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі. Жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.