Мұздықтар жарылып жатыр

Гренландиядағы ең ірі мұздықтардың бірінен көлемі 110 шаршы метр болатын мұздың үлкен бөлігі жарылды, – деп хабарлайды The Week сайты.

Алматы, NEGE. Спутниктен түсірілген суреттер оның ұсақ фрагменттерге бөлінгенін көрсеткен.

Сондай-ақ, 79N атауымен белгілі Ниогхалвфьердс-фьорд мұздығы әлемдегі ең ірі мұздықтардың бірі. Оның ұзындығы шамамен 80 шақырым, ені 20 шақырым. Ол Гренландиядағы арктикалық климатты реттеуде маңызды рөл атқарады.

Зерттеушілер ең ірі мұздықтың жарылуы климаттың тез өзгеріп жатқанын көрсететінін айтады.

«Мұндағы атмосфера 1980 жылдан бері шамамен 3 градусқа көтерілді... Ал 2019-2020 жылдары бұл жерде рекордтық жоғары температура тіркелді», – деді доктор Дженни Тертон.

Ғалымдар мұздықтың бөлігі айсберг флотилиясына айналғанын жеткізді.

Мұхиттанушылар 10-20 жылдан соң мұздықтар еріп, ортасынан жарыла бастауы мүмкін екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек