«Мұзбалақ» топ жарды

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Израильде өткен VII «NEAR NAZARETH FESTIVAL» фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін

алды.

Алматы, NEGE.  Аталған туынды Қазақ халқының қанына сіңген саятшылық өнерін бейнелеп, адам мен бүркіт арасындағы адал достықты баяндайды. Фестивальге Канада, Қытай, Австрия, АҚШ және Қазақстаннан үздік 5 анимациялық туынды іріктеп алынған.

Жуырда ғана «Мұзбалақ» Германияның Хемниц қаласында өткен XXIV балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық Schlingel кинофестивалінде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін алған болатын.

Режиссер – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының айтуынша бұл  «Мұзбалақ» иеленген үшінші халықаралық жүлде.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады