Мүслім Оңдағанов қайта қамалды

БҚО Спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүслім Оңдағановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңсыз.

Алматы, NEGE.  Оны қайтадан қамауға алып, қалған мерзімін өтеу үшін түзеу колониясына жеткізеді. Қостанай облысы прокуроры Мүслім Оңдағановты мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысына наразылық білдірді.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы прокурордың наразылық өтінішін қанағаттандырды.

Сот қаулы шығарды, оған сәйкес БҚО полиция департаментіне Мүслім Оңдағановты қамауға алып, қалған жазасын өтеу үшін түзеу колониясына жеткізу тапсырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының төрағасы Асланбек Мерғалиев 19 тамыздағы брифинг кезінде хабарлады.

Асланбек Мерғалиевтің айтуынша, бұған дейін 2020 жылдың 7 шілдесінде Қостанай қаласының №2 соты Мүслім Оңдағановты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарған болатын.

Орал қаласының мемлекеттік сот орындаушысы Папашева Мүслім Оңдағановтың мемлекетке келтірілген залалды толық өтегенін айтып, сотты жаңылыстырған ақпараты Мүслім Оңдағановқа қатысты МББ үшін негіз болды.

– Прокурорлық тексеру барысында Мүслім Оңдағанов әлі де мемлекетке 67 млн теңге көлемінде шығын өтемегені анықталды, сәйкесінше, оны мерзімінен бұрын босатуға негіз болған жоқ. Мемлекеттік сот орындаушысы Папашева сотты адастырды, – деді Асланбек Мерғалиев.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты