Мұсылмандарға дипфейк жасауға бола ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі дипфейк технологиясын қолдануға қатысты пәтуа жариялады.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Муфтият бұл технологияны пайдаланып, адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе жасамаған іс-әрекеттерін жасағандай етіп көрсетіп, жалған ақпарат тарату мен жұртты алдауға шариғатта тыйым салынатынын атап өтті.

«Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп, қоғамға залалын тигізеді», – делінген ресми хабарламада.

Ал егер бұл технология игі мақсатта қолданылса, онда оған рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды