Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Ол 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.
Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастаған.
Әр жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, бастығы, сондай-ақ ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
Министр болып тағайындалғанға дейін ТЖМ Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментін басқарған.