Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшылығы құрамында бірқатар кадрлық тағайындау жасады.
Астана, NEGE. Президент Жарлығымен Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімдерімен Нұржан Каджиақбаров Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасарлары болды.
Каджиақбаров пен Жақсылықов та жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрын атқарған лауазымдарынан босатылды.