Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін
Алматы қалалық соты Мұрат Адамды адвокаттық лицензиясынан айыру туралы аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Астана, NEGE. Бұл жайлы Мұрат Адамның өзі хабарлады.
«Бүгіннен бастап мен адвокат емеспін», – деп жазды ол Facebook желісінде.
Қаңтар айында Алматының Бостандық аудандық соты Әділет министрлігінің талабын қанағаттандырып, Мұрат Адамды адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айырды. Ол ORDA сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың мүддесін қорғап жүрген.