«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың ұлттық құрамамен қоштасуына қатысты пікір білдірді. 

twitter.com/GGGBoxing

Астана, NEGE. Головкин бұл жазбасын Роналдудың әлеуметтік желіде жариялаған қоштасу видеосының астына қалдырған. 

«Нағыз аңыз. Бүкіл әлемдегі адамдарға шабыт сыйлауды жалғастыра бер. Сенің мұраң мәңгі жасайды!» – деп жазды қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, кеше 41 жастағы спортшы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады. 

Роналду ұлттық құрама сапында өткізген жылдарын еске алып, осы кезеңде жеңістер мен рекордтардан бөлек, талай қиындықты да бастан өткергенін айтты. Сондай-ақ командаластарына, бапкерлерге, медицина қызметкерлері мен отбасына алғыс білдірді. 

Бір қызығы, 2003 жылғы 20 тамызда 18 жасар Роналду Португалия құрамасының жейдесін алғаш киіп, бірінші ойынын Қазақстанға қарсы өткізген. Ал жалпы футболшы Қазақстан құрамасына қарсы үш рет ойнаған. 

Португалия құрамасымен бірге Роналду Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұлттық құрамалар тарихындағы ең көп гол соққан футболшы ретінде рекорд орнатты.