Мұнайлы елдің тұрғындары жанармай бекетін тонап жүр
Желіде екі ер адамның жанармай құю бекетін тонаған сәтінің видеосы тарап жатыр. Ресми дерек бойынша, қылмыс Атырауда болған.
Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам 9 қаңтар күні 06.00 сағатта Датов көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне баса-көктеп кірген.
«Жанармай құю станциясы қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, кассадан 268 мың теңге алып, оқиға орнынан жасырынған. Полицейлер оларды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар - Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны. Олардан ақша мен заттай дәлелдер табылды», – деп хабарлады полицейлер.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.