Мұнай зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорын мемлекетке берілуі мүмкін

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізд

і, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары және тағы басқалары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетика кешенінің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңды және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.