Мұнай резервуарлары өртенді
Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытының 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы, NEGE. Жамбыл ауданының Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді. Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама сағат 12:0 түсті.
Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.