Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Тамыздың 27-нен 28-не қараған түні Одесса мұнай өңдеу зауытының аумағында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды «Укринформ» агенттігі.

Алматы, NEGE. Агенттіктің жергілікті «Думская» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, полиция жарылыстан кейін қосалқы стансаның қасындағы шөп өртене бастағанын баяндаған.

Журналистер сондай-ақ оқиға болған ауданда ыс пен түтін болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, кейін полицияда МӨЗ аумағындағы трансформаторлық қосалқы станса жарылып, одан кейін қасындағы шөп өртене бастағанын растаған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Осы арада, жергілікті тұрғындар жарылыстың металл іздеп, зауытқа кабель кесу үшін жиі келіп жүргендердің кесірінен болуы тиіс деп күдіктенеді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты