Мұнай мен металл. Мол салық төлейтін алпауыттар арасында НЕГЕ IT-компаниялар жоқ?
LS журналы 2019 жылдың қортындысы бойынша Қазақстандағы ең белсенді салық төлеушілерінің тізімін жариялады. Әдеттегідей, ел бюджетінің негізгі бөлігін мұнай мен газ өндірумен айналысатын кәсіпорындар құрап отыр. Шын мәнінде, бұл "экономиканы диверсификациялаймын" деп уәде берген мемлекет үшін өте жағымсыз нәтиже.