Мұнай бағасы қайтадан төмендей бастады
Brent баррелі 49,08 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада қымбаттаған мұнай құны 7 желтоқсанда қайтадан арзандай бастады. Бұған АҚШ пен әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болып отыр.