Мүмкіндігі шектеулі балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған

Павлодар маңындағы Ақсуда мүмкіндігі шектеулі балаларға мерзімі өтіп кеткен жаңа жылдық сыйлықтар табысталған.

Алматы, NEGE. 300-ге тарта мүгедек балаларға берілген Аяз ата сыйлықтарының сақтау мерзімі өтіп кеткен. Бірақ оны бірден байқау мүмкін емес. Себебі қорапша маркировкаларындағы жазу көрінбес үшін үстінен жапсырма салған. 

Өкілетті органның мәліметіне қарағанда, жүріп-тұруы қиын балаларға сыйлықтарды демеушілер арқылы қалалық оқу бөлімі әкелген.

Ата-аналардың наразылығынан кейін білім бөлімі жауап берді. Олар жеткізушілерге сеніп, мерзімі өтіп кеткен тәттілер мен пакеттерді тексермегендерін айтып, кешірім сұрады. Сыйлықтар ауыстырылып, Аяз ата мен Ақшақар ол сыйлықтарды балаларға жеткізді. Ақсу қаласының әкімі болған оқиға үшін кешірім сұрап, кінәлілердің барлығы жауап беретінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан