Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік портал арқылы техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілуде
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы биыл жыл басында іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді.