5 октября 2024 г. 16:19

Мұқағали Мақатаевты «сорлы еркек» деген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, кешірім сұрады

Фото: Видео-скрин

Блогер Әлішер Теменов әлеуметтік желіде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған болатын.

Алматы, NEGE. Ол ақынның туған жері Қарасазға барып, ескерткіш алдында тізерлеп кешірім сұраған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жастықтың, 25-тің буы да бар. Өзімді қойшы, әйелім, 4 айлық қызым барын да ұмытыппын. Кешегі жасаған қателігім үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын», – деп жазды ол.

Ол өзінің ағаттығын «еркелік» деп түсіндірді.

«Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын», – дейді Теменов.

Еске сала кетейік, Әлішер Теменов ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, видео жариялаған болатын.

«Мұқағали Мақатаев жалпы «жаловаться»ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен бл… (боқауыз сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. «Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой. Не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен үйді қашан береді деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің», – деген еді даулы видеосында.