Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер жүргізді

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар министрлер халықаралық ұйымдар, форумдар және диалогтық алаңдар аясында өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады. Сала басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін онлайн форматта бірқатар екіжақты іс-шараларды өткізуге келісті.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты