Мұхтар Шаханов – «Қазақстанның Еңбек Ері»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановты жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Мемлекет басшысы «М. Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, – делінген хабарламада.

Ақынға марапатты Президент өз қолымен Ұлттық Құрылтайда табыстады.