Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

АҚШ-та жерленген қазақ  жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі орындалып, құран бағышталды.

фейсбук

Алматы, NEGE. Ұлы Едіге Мағауин туған жерден апарған топырақ пен бір түп жусанын жазушының жатқан жеріне көмді.

Шараға қазақтар мен Вашингтондағы Kazakh American Association қатысты. Бірнеше ай бұрын жазушының АҚШ-тағы қабірінен топырақ алынып, Қазақстандағы ата-бабаларының қасына жеткізілген болатын.

Зияраттан кейін Едіге Мағауиннің үйінде еске алу жиыны өтіп, құран оқылды. 

Қазір оқып жатыр

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

«Қайрат Сатыбалды әскери колледжде дәріс оқыған»: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды