Мұхаммед Әлидің немересі рингке шықпақ

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің ізін қуған немересі бар.

Алматы, NEGE.12 желтоқсанға қараған түні Нью-Йоркте бокс кеші өтеді, оның басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко мен ганалық Ричард Комми арасындағы жекпе-жек болмақ.

Бокс кеші аясында Мұхаммед Әлидің немересі – Нико Али Уолшке Рейес Санчес қарсы шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ричард Комми Теофимо Лопеспен айқасып, IBF нұсқасы бойынша белбеуінен айырылып қалған болатын.

Бір қызығы, Ломаченко бұған дейінгі кездесуін Лопестің бұрынғы қарсыласымен өткізген еді. Маусым айында болған жекпе-жекте Василий Ломаченко Масаёси Накатаниді сүріндірді.

Украиналық боксшының есебінде 15 жеңіс (11 нокаутпен) және 2 жеңіліс бар. Ал ганалық 30 рет қарсыласынан басым түссе (27 КО), үш кездесуінде сүрінген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр