Мұхамеджан Тазабековтің «Qazaqstan» Ұлттық арнасына келуін жұрт сан-саққа жүгіртті

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков "Qazaqstan" Ұлттық арнасында жақында жол тартатын бағдарламаның жүргізушісі атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазының instagram-дағы парақшасына: «Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнаға отбасы құндылықтарын насихаттайтын, көрерменге берері бар бағдарлама әзірлеп жатыр екен. Соның ішінде ұл тәрбиесіне қатысты тұшымды пікір, келелі ой айттық», – деп жазды ол.

Тазабековтың Ұлттық арнадан бағдарламаға ашқанын білген журналист Дина Елгезек бұл іске қапалы. 

«Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! “Асыл арнадан” ертелі кеш Бекболат екеуінің “лұғатын” тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз», – деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына. Кейбір журналистер «Тазабековтің өзге діни ағымды ұстанатын жасырып жүр» деп тұспал жасайды.
 

Қазір оқып жатыр

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады