Мүгедектік рәсімдеп беремін деп пациенттерін алдаған дәрігерге сот үкімі шықты

6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алаяқ-дәрігер мүгедектік рәсімдеу қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»