Мүгедектігі бар адамға күтім жасаған отбасы мүшесі жалақы алады

Үкімет отырысында Әлеуметтік кодекстің жобасы қабылданды. Кодекс жобасы 5 бөлім, 19 тарау және 267 баптан тұрады. Маңызды құжат азаматтардың туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейді.

Алматы, NEGE. Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді.

Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.